
Бүгін аудан әкімі Марат Тоқжанов Бәйтерек аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, конкурстық комиссия отырысының 2020 жылғы 08 сәуірдегі №17 хаттамасы негізінде аудан әкімі М.Тоқжановтың өкімімен Уалиев Лауаз Женисович Бәйтерек ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Лауаз Уалиев 1972 жылы дүниеге келген.
Білімі 2 жоғары
1994 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын мал дәрігері, 2005 жылы Батыс Қазақстан Еуразия тілдер және менеджмент институтын менеджер мамандығы бойынша бітірген.
1994-1995 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы Орда ветеринарлық станциясының мал дәрігер-гинекологы.
1995-1998 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы «Искра» АҚ, «Искра» ЖШС бас мал дәрігері.
1998-1999 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы Орда аудандық ветеринарлық станциясының Орда ауылдық округінің мемлекеттік ветеринарлық инспекторы, ветеринарлық қадағалау бөлімінің ветеринарлық-бақылау бөлімінің бастығы, бөлімі бастығының орынбасары.
1999-2000 ж.ж. ҚР АШМ Батыс Қазақстан облысы Орда аудандық аумақтық басқармасының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы.
2000-2001 ж.ж. ҚР АШМ Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда аудандық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары.
2001-2002 ж.ж. ҚР АШМ Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда аудандық аумақтық басқармасының ветеринарлық қадағалау бөлімінің бастығы.
2002-2006 ж.ж. ҚР АШМ Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда аудандық аумақтық басқармасының бастығы.
2006-2007 ж.ж. ҚР АШМ Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда аудандық аумақтық инспекциясының бастығы.
2007-2010 ж.ж. ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы.
2010-2012 ж.ж. ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары.
2012-2018 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің орынбасары.
2018-2020 ж.ж. Орал қаласының ветеринария бөлімінің басшысы.
10.04.2020 ж.ж. Бәйтерек ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.