Кеше Бәйтерек ауданында Іскер әйелдер форумы өтті. Форумға кәсіпкерлікте жетістікке жеткен әйелдер қатысып, өздерінің өмір жолдарымен, кездескен қиындықтарымен бөлісті.
Форум жұмысына аудан әкімі М.Тоқжанов, мәслихат төрағасы Н.Хайруллин, облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Л.Тұрсынова, "Ақжайықтың асыл арулары" әйелдер клубының төрайым орынбасары Г.Құлжанова, "Даму" қорының облыстық филиал жетекшісі Б.Оразова, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ә.Ижанова қатысты.
Аудан әкімі бірқатар табысты еңбек еткен, халықтың мұң-мұқтажына көмектерін көрсеткен кәсіпкер әйелдерге алғыс хатын табыстаса, арнайы ұйымдастырылған көрмеде өзінің өнімдерін ұсынған нәзік жанды кәсіпкерлерге облыстық кәсіпкерлер палатасының басшының алғыс хаттары табысталды.