Бүгін «Қазақ Аналары - Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облысы филиалы Бәйтерек ауданы бөлімшесінің салтанатты ашылуына орай ұйымдастырылған «Абысын - ажын» атты аудандық байқау өтті.

Бүгін «Қазақ Аналары - Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облысы филиалы Бәйтерек ауданы бөлімшесінің салтанатты ашылуына орай ұйымдастырылған «Абысын - ажын» атты аудандық байқау өтті.
Бүгін «Қазақ Аналары - Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облысы филиалы Бәйтерек ауданы бөлімшесінің салтанатты ашылуына орай ұйымдастырылған «Абысын - ажын» атты аудандық байқау өтті. Шара барысында Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Тоғызбайұлы сөз алып Қазақ дәстүрін жаңарту, жаңғырту бағытында
Ата бабамыздың дүние танымын қастерлеуге, дәстүр - салтымызды дәріптеуге, асыл құндылығымыздың қадір қасиетіне жетуді келер ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған шараға қатысушыларға сәттілік тілеп, Батыс Қазақстан облысы филиалының төрайымы Күләш Қуанышқалиеваға аудан атынан ризашылығын білдіріп ықылас гүлін табыс етті. Өз кезегінде БҚО филиалының төрайымы Күләш Қуанышқалиева да Бәйтерек ауданының әкімдігіне және ұйымдастырушыларға өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға ниет білдірді.
«Абысын - ажын» байқауына 5 ауылдық округтің, атап айтар болсақ Қайнар, Мичурин, Дариян, Переметный, абысындары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Мичурин ауылдық округінен қатысқан абысындар облыстық кезеңге жолдама алды.