Бүгін "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу” ММ-нің 24 Өрт сөндіру бекетіне жаңа басшы тағайындалды.

Қызметке Әсет Ерболатұлы Аманғожиев кірісті. Осыған дейін біраз өрт сөндіру және авариялық құтқару бөлімдерінде қызмет еткен жаңа басшының бұл саладағы тәжірибесі жетерлік. Жеке құрамға таныстырған департамент басшының орынбасары Әсет Ерболатұлы жұмыста қырағы қызмет етіп, білікті маман екенін дәлелдегенін жеткізді. Жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Бұған дейін бөлімді басқарған Тимжан Мұратұлына аудан әкімінің орынбасары М.Залмұханов алғысын білдіріп, естелік сыйлық ұсынды.
Сондай ақ жиында аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары А.Жұмағұлов жаңа басшыға сәттілік тілеп, бірге қызмет етуге шақырды.