
Бүгін аудан әкімі Марат Тоқжанов Бәйтерек аудандық мемлекеттік сатып алулар бөлімі ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, конкурстық комиссия отырысының 2020 жылғы 07 сәуірдегі №16 хаттамасы негізінде аудан әкімі М.Тоқжановтың өкімімен Темиргалиев Нариман Алибекович Бәйтерек ауданының мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Нариман Темиргалиев 1993 жылы дүниеге келген.
Білімі 2 жоғары.
2014 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, 2017 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2014 жылы Зеленов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жастар тәжірибесінен өткен;
2014-2017 ж.ж. Зеленов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман м.а, бас маман;
19.03.2019 ж. Бәйтерек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бөлім басшысының м.а., бөлім басшысы;
09.04.2020 ж. Бәйтерек ауданының мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы.