"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында аудандық мәдениет үйінде халықтық "Ақ ниет" әжелер ансамблінің "Әжелер салған ән қандай!" атты есеп беру концерті өтті.

Аудан жұртшылығы мен қонақтарын өлең-жырмен сусындатқан ауқымды шара аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен өтті. 2010 жылы құрылған ұлттық бояуы қанық 13 жыл тарихы бар аталмыш әжелер ансамблі бұған дейін түрлі деңгейдегі байқауларға, концерттерге қатысып қазақтың дәстүрлі халық әндерінен тұратын ерекше репертуарымен әнсүйер қауымды өзіне бірден баурап қана қоймай, салт-дәстүріміздің дамуына, ұлттық болмысымыздың нығаюына, қоғамда отбасы институтының берекелі қалыптасуына, аудан бұқарасаның мәдени тәрбиесінің күшеюіне зор үлес қосты. Қазақтың әуезді халық әндері мен қара өлеңін шырқау арқылы ұмытылып бара жатқан байырғы әндерімізді жаңғыртып, дәріптеуді мақсат тұтқан әжелеріміз жастарға үлгі-өнеге болып келеді. Ұжым құрылған кезден бері ансамбль мүшелері отау құрған жастарға ақ баталарын беріп, тойларда сыңсу, жар-жар айтып ұлттық өнерімізді жандандыруда.