Бүгін ауданымызға Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия мүшелері келді.
Іс-сапар барысында ауданымыздағы мемлекеттік мекемелерде орналасқан мемлекеттік рәміздерді, олардың жойылуын, құжат айналымындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуын және аудандық комиссия жұмысы тексерілді.
Комиссия құрамында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Г. Аргенова,
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Геральдика, стандарттау және сапа тобының бас сарапшысы Г. Алғазинова, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Сатыбалдинов бар.
- Мемлекеттік нышандарға құрмет көрсету - еліміздің әр азаматының міндеті. Ал мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі екі есе болу керек - деді комиссия мүшелерін қабылдаған аудан басшысы М.Тоқжанов.