“Батырлар біздің арамызда”
Бүгін аудан әкімі М.Тоқжанов 2 апта бұрын ауданда орын алған су тасқыны қаупін алдын алуға бір кісідей жұмыла атсалысқан ауданымыздың бірқатар мекемелері мен ұжымдарын қабылдады. Кездесу барысында су басу қаупі төнген ауылдарды тілсіз жаудан сақтап қалуға септігін тигізген аудан тұрғындарына облыс әкімі Н.Төреғалиевтің және өзі атынан алғыс хаттар табыстады. Сын сағатта елдің қамы үшін ауа-райының қолайсыздығына қарамай, ортақ үйімізді сақтаған жандар әрқашан марапатқа лайық! Марапатталушылар қатары сан алуан, қарапайым қызметші де, мекеме басшысы да, кәсіп иесі де, жастар да бар. Жиында сөз алған аудан басшысы баршаға алғысын айтып, жауапты күні құтқарушылар мен ауыл әкімдері жанынан табылған азаматтарға ризашылығын білдірді.