2023 жылғы 30 наурызда сегізінші шақырылған Бәйтерек ауданы мәслихатының бірінші сессиясы өтті.
Сессияны аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Мақсұтұлы Ихласов ашты.
Сессия жұмысына аудан әкімі Марат Лұқпанұлы Тоқжанов, аудан әкімінің орынбасарлары, Жетінші шақырылған аудандық мәслихат депутаттары, аудандық бөлімдердің басшылары және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Аудандық мәслихатқа 13 депутат сайланды.
Аудандық мәслихаттың жаңа құрамы төрт партиядан тұрады:
10 депутат "Amanat" партиясының мүшелері,
1 депутат "Ауыл" ХДПП мүшесі,
1 депутат "Respublica" партиясының мүшесі,
1 депутат "Ақ жол" ҚДП мүшесі.
Жалпы, депутаттық корпусты әртүрлі қызмет салаларындағы адамдар қалыптастырды.
Олардың араларында басшылар, директорлар, мұғалім, экскурсовод, жаттықтырушы бар.
Бірінші ұйымдастыру сессиясында мәслихат төрағасы болып Нұрлыбек Қажымұратұлы Хайруллин сайланды. Оның кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады.
Сессияны жаңадан сайланған мәслихат төрағасы Н. Хайруллин жалғастырды.
Үш тұрақты комиссияның құрамы мен төрағалары сайланды:
- бюджет, экономика және кәсіпкерлік мәселелері бойынша;
- білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқықтық мәселелер бойынша;
- ауылды дамыту және аграрлық саясат, экология, табиғатты пайдалану және инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша.
Депутаттық корпус 60% - ға жаңартылды.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.
Аудан әкімі Марат Лұқпанұлы Токжанов пен мәслихат төрағасы Н. К. Хайруллин Жетінші шақырылған аудандық мәслихат депутаттарына алғыс айтып, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.
Сессия aitube платформасында онлайн режимінде көрсетілді.