Бәйтерек ауданының құрметті азаматы Николай Анципровичтің шығармашылық қызметіне жарты ғасыр толуына орай «Журналистика – өмір жолы іспеттес» атты кеші өтті.

Бәйтерек ауданының құрметті азаматы Николай Анципровичтің шығармашылық қызметіне жарты ғасыр толуына орай «Журналистика – өмір жолы іспеттес» атты кеші өтті.
Бәйтерек ауданының құрметті азаматы Николай Анципровичтің шығармашылық қызметіне жарты ғасыр толуына орай «Журналистика – өмір жолы іспеттес» атты кеші өтті.
1941 жылы Ресейде дүниеге келген Николай Антонович саналы ғұмырын білім саласына арнады. Мектеп қабырғасында еңбек ете жүріп, қаламды жанына серік етті. Оның алғашқы мақаласы 1973 жылдың 16 ақпанында Зеленов аудандық «За коммунизм» газетінде жарық көрді. Үш жылдан соң ол редакцияның штаттан тыс тілшісі атанды.
-Дәм-тұз бұйырып, Николай Антонович өңірімізге қоныс аударып, көп жылдан бері ауданымызда тұрады. Әлемдегі ең тамаша мамандықтың бірі – мұғалім болып қызмет атқарып, жас ұрпаққа сапалы білім мен сана тәрбие беруге өз үлесін қосты. Ол тек мектептегі жұмыспен шектеліп қалмай, аудандық, облыстық газеттерге мақала-материалдар жазды. Мақалаларына Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестерімізді, аудандағы еңбек адамдарын, олардың тағдырын арқау етті. Сөйтіп ұмытылып бара жатқан жандардың есімдерін жаңғыртуға септігін тигізді. Осы жерде бір айта кетер қызық жайт бар. Бүгінгі кештің иесі Ресейдің Чита қаласында дүниеге келсе, мен кезінде осы жерде әскери борышымды өтеген едім. Қазір де бір ауданда тұрып жатырмыз. Бізді жерлес деп атауға болады. Жалпы, жазу деген оңай нәрсе емес. Мақалаңды көпшлік оқу үшін жақсылап жаза білу керек. Ал бұл екінің бірінің қолынан келмейді. Сол себепті Николай Антоновичқа зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс тілейміз,-деген аудан әкімі Марат Тоқжанов ардагерге облыс әкімінің және өзінің Алғыс хаттарын табыс етіп, иығына шапан жауып, оның зайыбы Әмина Ғабдолғалиқызына гүл шоғын табыс етті.
Жергілікті өнерпаздар әнмен әрлеген кеш соңында Николай Анципорвич сонау кеңес заманында бастаған редакциямен арадағы тығыз байланысын еске алып, қалам мен қағазға деген адалдық туралы ойын ортаға салып, осынау кешті ұйымдастырғандарға, арнайы келген қонақтарға алғысын айтты.