Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар!

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар!
Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар!
​
​Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
​
​Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аялы алақанында. Адамзат баласына тән қасиетті, сүйіспеншілік пен іңкәрліктің, сұлулық пен махаббаттың, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын бір бойына сіңіре білген ақ пейілді, дархан жүректі нәзік жандарға арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келуі бекер емес.
​Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана сүтімен барша халықтың рухы, арман-үміті болып табылатын тілі мен тарихы, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына дариды.
​Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сөзімен айтқанда: «Егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Отбасы институтын, көпбалалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы».​Әйелдер бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп жүр. Мемлекетіміз жеткен жетістіктерге нәзік жандылардың қосқан үлесі зор.
​Бүгінгідей әсемдік пен сұлулық мерекесі күні сіздерге және жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Мейірімге толы жүректеріңіз бақытқа, қуаныш пен шаттыққа кенеле берсін!
​Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен, М.Тоқжанов