Жыл сайын су тасқыны кезеңінде аула аумақтары мен елді мекендердің көшелерін еріген сулармен су басу жағдайлары туындайды. Еріген су тасқынының себептерінің бірі-қарды уақтылы жинамау.
Еріген су тасқыны жағдайларын болдырмау мақсатында Бәйтерек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Сізден, су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізуді сұрайды, атап айтқанда:
- аула аумағында жиналған қарды шығаруды ұйымдастыру;
- үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың шатырларын қар мен мұздан тазарту;
- жеке пәтерлердің төрағаларына, адамдар көп жиналатын объектілердің, білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің басшыларына мұз айдындары құлауы мүмкін жерлерде ескерту белгілерін, ленталарды орнату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Бәйтерек аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қазіргі уақытта адамның қаза болуына және жарақаттануына немесе ғимараттардың құрылыстары мен шатырларының қирауына жол бермеу және алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын орындау бойынша барлық тиісті шараларды қабылдау қажет екенін еске саламыз.