
Ауданымыздың жас әншісі Мейірбек Жанболатұлының «Қызғанамын» атты шығармашылық кеші өтті. Концертте халықтық «Скифы» ансамблінің сүйемелдеуімен «Қазағым-ай», «Өмір жолы», «Ана-әке» т.б авторлық әндері орындалды. Кешке әншінің Кенесары Болғанбаев, Бағдәулет Үзақбай, DOHA, ASL&KESHA&MIKO, Махаббат, Абат сынды өнердегі де, өмірдегі де достары келді. Олармен қосылып орындаған әндер кеш шырайын аша түсті. -Мейірбек сынды жастарымыз маңдай терін төгіп, ауданымыздың мәдениетін көтеріп, халыққа қызмет етулері үшін біз барлық жағдайды жасауға әзірміз. Ән жазуда қаламың мұқалмасын дейміз. Тіл-көзден аман-болып, биіктен көріне берсін», - деп іс-шара соңында сөз саптаған аудан әкімі аппаратының басшысы Нұржан Дүзбатыр жас әншінің ата-анасына да құрмет көрсетті.