Бәйтеректік бір топ азамат «Еңбек ардагері» төсбелгісімен және көп балалы аналар «Күміс алқа» наградасымен марапатталды.
Белгілі салада 35-40 жылдан астам еңбек етіп, елдің дамуында өзіндік із қалдырған ардагерлер қатарында Самиғолла Жұмағалиев, Жанұзақ Жатлиев, Кәкімжан Замиров, Ақзым Жүнісов, Зейнолла Тасмұхамбетов бар. Ал ҚР Президентінің Жарлығымен 2023 жылғы 27 қаңтардағы №117 Жарлығы бойынша Азена Мақсотова мен Аида Закупова «Күміс алқа» иегерлері атанды.
Аудан әкімі Марат Тоқжанов ауданымызда түрлі салада еңбек етіп, елдің дамуына тер төккен аға буын өкілдеріне және мемлекетіміздің демографиялық саясатына үлкен үлес қосып келе жатқан алтын құрсақты аналарға алғыс айтып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, ұрпақтарының қызығын көруге тілектес екенін жеткізді.