Құрметті жерлестер! Сіздерді келіп жеткен 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Бұл - тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған миллиондаған түрлі этностардың құтты қонысына айналған қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі.
Бұл күннің астарында қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіру жатыр.
Бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынас, қайырымдылық дәстүрлердің жалғасын табуы әлеуметтік ынтымақтастығымыздың өнегелі өлшеміне айналды.
Еліміздегі қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміздің экономикасы өркендеп, ілгері басып келеді.
Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы елімізде алға өрлеуге зор ықпал етуде.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Ардақты ағайын!
Ауданымызды дамыту жолындағы әрбіріңіздің еңбегіңіз бен қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Мәңгілік татулығымыз берекелі де, баянды, еліміздегі бірліктің көкжиегі кеңейе берсін. Баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Мереке құтты болсын!
Құрметпен, аудан әкімі М.Тоқжанов