Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні аудан әкімі Марат Тоқжановтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні аудан әкімі Марат Тоқжановтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні аудан әкімі Марат Тоқжановтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Аудан әкімінің төрағалығымен өткен отырысқа төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі комиссия мүшелері, бөлім, мекеме басшыларымен округ әкімдері қатысты. Жиында алдағы көктем мезгілінде орын алуы мүмкін су тасқынына қарсы дайындық мәселесі басты назарда болды. Биылғы метеорологиялық ахуалды негізге ала отырып, табиғаттың тосын мінез танытуы ғажап емесін ескерткен аудан басшысы, округ әкімдерінің әзірлігін пысықтады. Қарастырылған қаражаттың жоспарлы жұмсалуын және осы бағыттағы іске қарқын қосуды тапсырды. Бүгінгі күні аудан аумағындағы өзендердің мұзының қалыңдығы 50-95 см жеткен. Ал қардың биіктігі орташа есеппен 15-20 см. Жердің тоңы 75-120 см тереңдеген. Соңғы күндері сынап бағанасы -3, -1, 0 градусты көрсетуде.
Жиын соңында аудан әкімі айтылған мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларына міндеттер мен тапсырмалар жүктеді.