Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай "Жеңіс" саябағында "Ерліктерің есімізде мәңгілік" шарасы өтті.

Ауған даласынан оралмаған жерлес жауынгерлер рухына тағзым жасалған шарада аудан әкімі Марат Тоқжанов интернационалист жауынгерлер ерлігін дәріптеп, ескерткіш алдында гүл шоғын қойды. Іс-шараның екінші бөлігі аудандық тарихи-өлкетану музейінде жалғасты. Онда Бәйтерек және Тасқала аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы, подполковник Қуат Мателиев бүгінгі атаулы шараның ауқымы кең, маңызы жоғары екенін айтты. Соғысты көзбен көрген ардагерлердің бүгінгі ұрпаққа берер тәлімі мол екеніне тоқталды.
Ардагерлер арасынан сөз алған Жақсылық Майкенов майдандас жолдастарын еске алып, бүгінгі бейбіт күннің бағасы жоғары екенін атап өтті. Өздері көрген зұлматты жылдарды қазіргі ұрпақтың көрмеуін тіледі.
Іс-шара барысында аудандық кітапхана қорынан жасақталған кітап көрме таныстырылды. Аудандық мәдениет үйі қызметкерлері шырқаған әуезді әндер де жиналғандарды бейжай қалдырған жоқ. Мәселен, жас өнерпаз Мейірбек Жанболатұлының «Ауғанстанда қалған күн» авторлық туындысы арқылы көпшілік сол бір сұрапыл жылдардың суық ызғарын сезінгендей болды.