Сүт өндірісіне, екпе шөптерді егуге ден қоюымыз қажет

Сүт өндірісіне, екпе шөптерді егуге ден қоюымыз қажет
Сүт өндірісіне, екпе шөптерді егуге ден қоюымыз қажет
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиев бүгін Бәйтерек ауданы Переметное ауылындағы аудандық мәдениет үйі ғимаратында халықпен кездесті.
Алдымен облыс басшысы Переметный ауылдық округіндегі Деркөл өзені бөгетінде болып, биылғы  қарғын судан келер қауіптің алдын-алу мақсатындағы жоспарлы жұмыстармен танысты. Жыл сайын көктем шығып, қар ерісімен су тасқынын болдырмау шаралары іске асырылса, қазіргі таңда гидронысан салу жобасы жасақталуда. 
Елмен жүздесу жиыны аграрлы ауданның жетістері көрініс тапқан аудан әкімі Марат Тоқжановтың есептік баяндамасымен басталды. Өткен жыл шаруашылықта да, тұрғындардың әл ауқатын дамытуда да табысты аяқталған. Жылдың ең басты жетістігі – егін мен көкөніс шаруашылығының бітік шығып, елдің мол өнімге кенелуі. Сонымен қатар ғылыми тұрғыдан да өсу байқалады.  Сөзімізге дәлел, ауданға қарасты Сұлукөл ауылында «АгросервисБатыс» шаруа қожалығының «AlemAgro» компаниясымен бірге ұйымдастырған «Дала күні» іс-шарасы. Айту керек, бұл жерде облыста тұңғыш рет агроорталықтың тұсауы кесілді. Қара жерден маңдай терімен тапқан пайдасын, жер иесі халық игілігіне  жұмсап отырған Қайыржан Киргенев, Владимир Шевчук, Бейбіт Асанов сынды мәрт, кәсіпкер азаматтардың да аудан экономикасына қосып отырған үлесі қомақты. Сондай-ақ ауданында ауыл шаруашылығымен қатар білімге, мәдениетке, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған үлкен жұмыстар атқарылуда.