
Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні аудан әкімі Марат Тоқжановтың төрағалығымен аудан әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңесі отырысы өткізілді. Кеңес отырысына дербес бөлім мен мекеме басшылары, кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Алғашқы болып аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрсәуле Есенгалиева мемлекеттік бағдарламалар бойынша аудан жастарын ақпараттандыру шараларын ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе ауданда спорт саласындағы қабілетті жастар арқылы ауыл жастарын спортқа тарту барысы туралы балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Медет Ундаганов хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе аудан бойынша жастар саясатының жүзеге асырылу барысы, атқарылған жұмыстар бойынша аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Губашева баяндама жасады.
Кеңес отырысының күн тәртібіне байланысты мәселелер талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.