Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжановтың сейсенбі күнгі кездесулері Сұлукөл, Құрманғазы, Чиров, Раздольный ауылдарында жалғасты.

Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжановтың сейсенбі күнгі кездесулері Сұлукөл, Құрманғазы, Чиров, Раздольный ауылдарында жалғасты.

Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжановтың сейсенбі күнгі кездесулері Сұлукөл, Құрманғазы, Чиров, Раздольный ауылдарында жалғасты. Аудан басшысы былтыр Бәйтеректе атқарылған жұмыстар туралы айтып, ауыл халқының көкейлерінде жүрген сауалдарын, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Округ әкімдерінің іскерлігі сыналатын жиында бұқара жергілікті атқарушы биліктің жыл ішінде атқарған жұмысына бағасын берді. Сұлукөлдіктер сыпайылығымен, мәселенің байыбына бармай байбалам салмайтын ішкі биік мәдениетін байқатты. Халықта ауызбіршілік бар. Ауыл округінің әкімі Жасұлан Қойшыбаевтың есебін тыңдауға жиналған тұрғындардың қарасы қалың болды. Баяндамашының сөзіне сүйенсек, былтыр «АгроСервисБатыс» ЖШС 97,4 млн теңгені ауылға 3 тұрғын, 2 астық қоймасы мен ауылшаруашылық техникаларын алуға жұмсаған. Округ аумағында дәнді дақылдар егумен, мал өсірумен және бөлшек саудамен айналысатын 9 ауыл шаруашылығы құрылымы, 2 ЖШС, 7 шаруа қожалығы және 4 жеке кәсіп иелері жұмыс істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 620 ц ет, 3350 ц сүт, 86 000 дана жұмыртқа өндірілген. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерліктегі ілкімді істер ілегін Құрманғазы ауылы тұрғындарының да келіскен тұрмысынан көруге болады. Қымыз өндіріп отырған «Горбачев» шаруа қожалығының жылқысы бүгінде 160 басты құрап, есептік мерзімде 36,08 тонна қымыз дайындалған. Округ бойынша 2 ЖШС, 9 шаруа қожалығы, 10 жеке кәсіпкер тіркелген. Сондай-ақ жұмыспен қамту, газ өткізу, ұялы байланыс, абаттандыру бағыттарында да айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Қаржы саласына тоқталсақ, 1411 млн салық жиналып, бюджет толықтай игерілген.