2023 жылдың қаңтар айының 27-28 күндері аралығында Бәйтерек ауданы, Калинин ауылының Дене шынықтыру сауықтыру кешенінде спорттық және жауынгерлік самбо күресінен 2003-2004 ж.т. жастар, қыздар арасында және 2005-2006 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.

2023 жылдың қаңтар айының 27-28 күндері аралығында Бәйтерек ауданы, Калинин ауылының Дене шынықтыру сауықтыру кешенінде спорттық және жауынгерлік самбо күресінен 2003-2004 ж.т. жастар, қыздар арасында және 2005-2006 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Жарысқа 14 команда, 130 спортшы қатысты. Жарысқа келген командалар: Ақжайық ауданы, Бөкей орда ауданы, Бөрлі ауданы, Жәнібек ауданы, Жекпе-жек командасы, Казталов ауданы, ОЖСШМ командасы, Оқушылар сарайы командасы, СК Орал командасы, Сырым ауданы, Тасқала ауданы, Теректі ауданы, Шыңғырлау ауданы және Бәйтерек ауданы.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев, 4 дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров, Әлем чемпионы Серіков Нұрбол, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Райбек Мендыгалиев қатысты.
Спорт саласында елеулі еңбегі сіңген Райбек Ромашұлына Бәйтерек ауданының атынан Ерікқали Ғұмарұлы құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.