Соғыс ардагерінің ғасырлық мерейтойы

Соғыс ардагерінің ғасырлық мерейтойы
Соғыс ардагерінің ғасырлық мерейтойы
- Ұлы Отан соғысының ардагері, аты аңызға айналған Жеңіс шеруінің жалғыз қатысушысы, прокуратураның құрметті қызметкері, Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы Иван Степанович Гапичтың 100 жасқа толуына орай аудан көлемінде үлкен шаралар өтуде.
Бүгін Бәйтерек аудандық білім беру бөлімі мен жастармен жұмысжөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, аудан прокуратурасының қолдауымен «Жеңіс шеруіне қатысқан жауынгер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисакаев, аудандық прокурор Қазбек Жеткергенов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғали Жолдасқалиев қатысты.
Шараны ашқан Аудан әкімінің орынбасары мен аудандық прокуроры
Иван Степановичтің өмірі мен қызметі туралы өз білгендерін жастарға баяндап берді. Сонымен қоса жиында ардагер туралы арнайы дайындалған видеоролик көрсетіліп, мектеп оқушыларына ардагердің өмірі мен қызметі туралы мәліметтер айтылды. Өз кезегінде Қ.Аманжолов мектебінің оқушылары Қуаныш Зарина, Мұрат Әлинұр, Сақтай Нұрайым ардагерге арнаған өздерінің арнауларын оқып, аудан әкімінің орынбасары арнайы сыйлықтармен марапаттады. Кездесу соңы аудандық кітапхананың кітапханашысы Дина Мамбеталиева ардагерге арналған кітап көрмесін таныстыруымен аяқтады.