
Құрметті клиенттер!
⠀
📍Шетелдік автокөліктерді тіркеу науқанына байланысты Орал қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызмет көрсету уақыты өзгертілді. Уақытша жұмыс кестесі 06 ақпанға дейін белгіленді.
⠀
📌Енді мамандандырылған бөлім дүйсенбі-сенбі күндері сағат 09.00-20.00 аралығында жұмыс істейді. Соның ішінде құжаттарды қабылдау уақыты – 18.00-ге дейін.
📌Сенбі күндері автокөлікті қайта тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру қызметтеріне құжаттарды қабылдау уақыты бұрынғыша сағат 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
⠀
✔️Еске сала кетейік, қазіргі уақытта шетелдік автокөліктерді тіркеуге өтінішті мамандандырылған бөлімге бармай-ақ, қалалық және аудандық ХҚО бөлімдері арқылы, eGov порталы, egov mobile, halyq homebank қосымшалары арқылы беруге болады.