Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және де Бәйтерек ауданы әкімінің аппарат басшысы Нұржан Тоғызбайұылының бастамасымен аудан орталығында «Мемлекеттік қызмет жастар көзімен» атты аудан жастарымен кездесу өтті. Кездесуге арнайы Батыс Қазақстан облысының әдеп жөніндегі уәкілі Хайруллина Айман Рафикқызы шақырылған болатын. Сонымен қоса жиынға ауданның әр саладағы жас мамандары және де белсенді жастар қатысты.
Шараны ашқан Нұржан Тоғызбайұлы мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мол екенін және де қазіргі таңдағы мемлекеттік қызметкерлерге жасалып жатырған жағдайлар туралы атап өтті. Өз кезегінде шара қонағы Айман Рафикқызы мемлекеттік қызметтің жастарға берері мол екенін, сонымен қоса қазіргі таңда көптеген саладағы қойылатын біліктілік талабына магистрлік дәрежесінің кіргізілгенін айта отыра, мемлекеттік қызметте еңбек еткісі келетін жастарға магистрлік дәрежесін алуға кеңес берді.
Бұл шара ашық диалог форматында өткендіктен Нұржан Тоғызбайұлы, Айман Рафикқызы аудан жастарымен өздерінің қазіргі таңдағы елімізде белең алып жатқан мәселелер туралы пікір алмасып, жастар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.
Кездесу барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ұлданай Максимқызы мен Шалғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Аслан Өтеш сөз алып, өздерінің мемлекеттік қызметке қалай келгендігін, қазіргі таңдағы жұмыс барысы туралы айтып өтті.
Жиын соңында Нұржан Тоғызбайұлы және Айман Рафикқызы алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау науқанына жастарға қатысуға өз кеңестерін бере отырып, сайлауға қатысамын деген жастарға қолдау көрсететінін жеткізді.