Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссияларының алғашқы отырыстарын өткізді.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссияларының алғашқы отырыстарын өткізді.

Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылдың 29 желтоқсан күнгі №3 Қаулысына сәйкес аудан бойынша 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылған болатын. Ал аудандық мәслихатттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы №25-2 шешіміне сәйкес Бәйтерек ауданы мәслихатының депуттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы сайланды. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 18-19 қаңтар күндері аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағына 4)-тармақшасына сәйкес округтік сайлау комиссияларының алғашқы отырыстарын өткізді.