Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев жерлесiмiз, көп жыл кеңес, партия қызметтерiнде еңбек еткен, ауданның құрметті азаматы Зоя Николаевнаның үйіне арнайы барып 95 жас мерейтойымен құттықтады. Ардагер ананы мерейлі жасымен құттықтап көп жылғы жемісті еңбегі үшін алғысын білдіріп, аудан әкімінің атынан мерейтой иесіне қамзол кигізіліп, құрмет көрсетілді.
Бұл құрметке Зоя Николаевна ризашылығын білдіріп, ұрпағымыз аман, еліміз тыныш болсын! - деген тілегін жеткізді.