2023 жылдың қаңтар айының 5-6 күндері аралығында Калинин ауылының Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында тоғызқұмалақтан 2012-2013 ж.т., 2014 ж.т. және одан да кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Бәйтерек ауданының ашық турнирі өтті.
Жарысқа 8 команда, 80-ге жуық спортшы қатысты. Жарысқа қатысқан командалар: Бөрлі ауданы, Володар мектебі, Зеленов мектебі, Егіндібұлақ мектебі, Жаңақала ауданы, Тасқала ауданы, Үлкен Шаған мектебі және Бәйтерек БЖСМ. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне ауданының әкімінің орынбасары Бисақаев Ерікқали, аудандық мәслихат депутаты Сүндетов Есен, тоғызқұмалақтан ардагер ойыншы Өтеғалиев Қазбек, тоғызқұмалақтан әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы Қайыржанов Әсет, жарыстың бас төрешісі Алпамыс Бекжанұлы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысынан шыққан тұңғыш әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы Қайыржанов Әсет Бауыржанұлына Бәйтерек ауданы атынан сыйлық табысталды.