
Аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байменов Ұлы отан соғысының ардагері, Бәйтерек ауданның құрметті азаматы Александр Тимофеевич Старцевті жаңа жылмен құттықтап, облыс, аудан басшыларының құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыстады. Майдангер құттықтай келген аудан әкімінің орынбасарына ризашылығын жеткізіп, ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріне табыс тіледі.