Барыс берекелі жыл болды

Барыс берекелі жыл болды
Барыс берекелі жыл болды
​Барыс жылы - бәйтеректіктер үшін өте тамаша жыл болды. Әсіресе ауыл шарушалығы, соның ішінде өсімдік шаруашылығы саласында тер төгіп жүрген жандардың еңбегі жанды. Аудандық мәдениет үйінде өткен жылды қорытындылауға арналған мерекелік іс-шара кезінде осы жайттар кеңінен сөз болды.
​-Егер бұрындары «70-ші, 95-ші жылдары керемет өнім болды» деп айтса, енді биылғы берекетке қарап «2022 жыл мол өнім алынды» деп айтылатыны анық. Егін түсімінің көптігі сондай, оны сақтайтын орын таба алмай қиналдық. Әлеуметтік, білім, медицина салаларын да жетістіктеріміз аз емес. Біздің жіті назар аударып отырғанымыз – жол мәселесі. Осынау түйіткілді шешу арқылы біз тұрғындардың өмір сапасын арттыруға жағдай жасаймыз. Яғни тұрғындар күн райына қарамастан жоспарлаған жерлеріне баруы керек. Біздің мақсатымыз – ауылдық округтың бәріне де қатқыл табанды жол жеткізу. Ал шағын ауылдардың жолына қиыршық тасты қоспа (ЩГС) төсеу жоспарда бар. Сөйтіп ауыл тұрғындарының қалаға немесе басқа жаққа көшпеуіне жағдай жасауымыз қажет. Шекаралық елдімекендер бос қалмауы тиіс. Осы бағыттағы біздің ұсынысымызды қабыл алып, жол мәселесін шешуге жәрдемін берген ауданымыздың кәсіпкерлеріне айтар алғысымыз зор. Бейнелеп айтқанда, бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай бірігіп еңбек ететін болсақ, ауданымызды гүлдендіру бағытындағы еңбегіміз еш кетпесі анық,-деді аудан әкімі Марат Тоқжанов.
​Іс-шара барысында аудан әкімінің 2022 жылғы 13 желтоқсанындағы ұсынысы негізінде аудандық мәслихат шешімімен «Бәйтерек ауданының құрметі азаматы» атағын алғандарға құрмет көрсетілді. Бұл атаққа ие болғандардың ішінде Асылбек Сұлтанғали, Виктор Железнов, Адам Имашев, Александр Жураевлев, Жігер Менешев, Қайыржан Киргенев бар. Ал ҚР ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін аудан әкімінің орынбасары Мұрат Бәйменов, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Серікқали Ищанов алды.