Аудан әкімінің шырша мерекесі өтті

Аудан әкімінің шырша мерекесі өтті
Аудан әкімінің шырша мерекесі өтті
Щапов ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектепте аудан әкімінің шыршасы өтті. Оған ауданның барлық дерлік мектебінен 80 оқушы келді.
Аудандық білім бөлімі ұйымдастырған осынау жаңажылдық кешке көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан, қамқорлықсыз қалған, жыл ішінде түрлі жетістікке жеткен оқушылар қатысты.
Іс-шарада сөз алған аудан әкімі Марат Тоқжанов оқушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Бұл мейрам қызықты сәттердің, ертегілер мен сыйлықтардың кезі екеніне тоқталып, өтіп бара жатқан жылда олар сабақты жақсы оқып, түрлі жетістіктерге жетіп, қайырымды істер жасап, жаңажылдық мерекеге өзіндік еңбек сіңіріп келгене сенімді екенін білдірді. Жаңа жылда жаңа табыстарға қол жеткізіп, жаңа білімді игеруге тілектес екенін айтты. «Біздің еліміз жылдан-жылға қарыштап дамып, сендерге жарқын болашақ сыйлау үшін жаңа белетерді бағындырып келеді. Сендер - бақытты ұрпақсыңдар,-деді Марат Лұқпанұлы.- Айналайын балалар! Жаңа жылда бәріңе мол игілік пен жарқын болашақ тілеймін. Балалық шақтарың базарлы, өмірлерің ажарлы болсын. Жаңа жылда армандарың орындалып, тәуелсіз елімізбен бірге өсіп-өркендей беріңдер!»
Жаңа жыл мекесінде аудан әкімінің атынан жиналған оқушыларға қысқы киімдер тәттілер тарту етілді.