Спорт, білім мен өнер, ауыл шаруашылығында топтың алдына түсіп, аудан абыройын асқақтатып жүрген жастарды танытып, еңбектерін көпке үлгі ету мақсатында оздырылған кешке аудан әкімі Марат Тоқжановтың өзі келді.
Дәстүрлі түрде өткізілетін аталмыш байқау он аталым бойынша оздырылды. Оған 50-ге жуық өтініш келіп түскен. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған үздіктерді мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық ұйым өкілдерінен құрылған арнайы комиссия анықтаған.
Бір айдан астам уақытқа созылған байқау қорытындысында

Нурсила Жасұланқызы «Үздік жас ұстаз»

Мейірбек Жанболатұлы «Үздік жас өнерпаз»

Максим Николаевич «Үздік жас кәсіпкер»

Бекзат Ізбасарұлы «Үздік студент»

Айсұлу Қайратқызы «Үздік спортшы»

Эльмира Амангелдіқызы «Үздік жас дәрігер»

Диас Қуанышұлы «Үздік жас ауыл шаруашылық маманы»

Айкерим Абайқызы «Үздік жас мемлекеттік қызметші»

Данагүл Ерболқызы «Үздік қолөнерші»

Альфия Нұрланқызы «Үздік жас құқық қорғау қызметкері» аталымдарына ие болды.
Қызметке деген құрметі жоғары, адал еңбекпен жемісті күнге жеткен әр сала үздіктерінің марапатын аудан әкімі Марат Тоқжанов табыс етті.
Сонымен қоса аталмыш шараға Облыстық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Аслан Нұрланұлы Тапишев келіп, жастарға өзінің жүрек жарды тілегін білдіре отырып, Бәйтерек аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Асылбекқызына және Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұжымына «Алғыс хат» пен естелік сыйлық табыс етті.