Құрметті жерлестер, қадірлі ағайындар!

Құрметті жерлестер, қадірлі ағайындар!
🇰🇿Құрметті жерлестер, қадірлі ағайындар!
Сіздерді мемлекетіміздің ең ұлық мейрамы - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
16 желтоқсан - ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан - қасиетті де қастерлі күн. Халқымыздың бірлігі мен қиындыққа мойымайтын ерік-жігері, қайсарлығының арқасында Тәуелсіздіктің ширек ғасыр ішінде егемен елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты артып, мәдени-рухани келбеті жоғары деңгейге жетті. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру, бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болсын. Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
Құрметпен, Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов