Кеше Батыс Қазақстан облысының әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы Бәйтерек ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен және «БАТЫР БОЛАМЫН» Қоғамдық қорының қаржылай қолдауымен Дариян ауылында жаңа спорт залдың ашылу рәсімі өткізілді.
Салтанатты ашылу рәсімін құрметті қонақ болып БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есенаманұлы Есендияров, Бәйтерек ауданының әкімінің орынбасары Ерікқали Ғұмарұлы Бисақаев, «БАТЫР БОЛАМЫН» Қоғамдық қорының вице президенті, Ернұр Сәбікенұлы,
Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Насырұлы Какенов қатысты