Құрметті Прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері! Сіздерді Қазақстан Республикасының Прокуратурасы күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бүгінгі Прокуратура Мемлекет басшысы қойған маңызды міндеттерді орындап отырған, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің сенімді тірегі. Тәуелсіздікпен қатар жасап келе жатқан бұл маңызды орган – құқық қорғау жүйесінің орталық институттарының біріне айналды. Заң мен құқықтық тәртіптің сенімді қорғаушысы ретінде, азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқығын қорғап, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресте заңдылықтың сақталуын, жалпы мемлекетте құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттеріңізді ойдағыдай атқара отырып, сіздер қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың кепілі болып табыласыздар. Осындай маңызды мәселелерді шешу қызметкерлерден жоғары кәсіби біліктілікті, адалдық және жауаптылықты талап етері хақ. Осындай мерекелі күні азаматтардың бостандығы мен әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау жолында атқарып жүрген ерен еңбектеріңізбен мемлекет игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!