«Чувашка жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің ғимаратына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу облыстық «Мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-сі өткізген ашық конкурс нәтижесінде ТОО «ГрадСтройСервис» компаниясына берілген

«Чувашка жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің ғимаратына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу облыстық «Мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-сі өткізген ашық конкурс нәтижесінде ТОО «ГрадСтройСервис» компаниясына берілген
Бәйтерек ауданына қарасты «Чувашка жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің ғимаратына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу облыстық «Мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-сі өткізген ашық конкурс нәтижесінде ТОО «ГрадСтройСервис» компаниясына берілген. Аталған мердігермен жасақталған типтік келісім шарт негізінде көзделген қаражаттың 30% аванс ретінде берілді. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат талап 18 шілдеде алынды, заңнамалық құжаттар негізінде аталған қаржы (93 357 004,0) мердігерге аударылды. Бүгінгі күні атқарған жұмыс актісі бойынша пропорционалды түрде ол қаржының 58 миллиондай көлеміндегі сомасы ұсталып отыр. Мердігерге аударылған барлық қаражат 136 миллион теңге көлемінде.
Мердігер компания жұмысты субподрядқа берудің және қадағалауды ұйымдастырмауының себебінен жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталмады. Бұған компанияның облысымыздың жіне еліміздің басқа да жерлерінен нысандар алып, нақты жұмысты ұйымдастыруына қауқарының жетпеуінен болды.
Аудандық прокуратура бас мердігерді шақырып, аударылған барлық сомманың 30%-ы 93 миллион теңгені құрайтын сомманы, тиісті жұмыстардың атқарылмағанына байланысты игерілмеген қаражатты кері бюджетке қайтару керектігін ескертті.
2022 жылы 3 қарашадан бастап өсімпұл жүріп жатыр. Жобаның құны 347 880 932 теңге, оның 312 376 471 теңгесі 2022 жылға қарастырылған. Аталған соманың 30%-ы 93 миллион теңге мердігерге аударылды.
Осы жұмыстар барысы аудан әкімдігі, облыстық білім беру басқармасы, аудандық білім беру бөлімдері жағынаң әрдайым қадағаланды, бірнеше қайтара жиналыстар өткізілді. Ауданда биыл бұдан басқа 1 үш қабатты, бір 2 қабатты мектеп, бір мәдениет үйі күрделі жөндеудең өткізіліп, уақытында тапсырылды.