
2020 жылғы 3 наурызда «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес, аудан әкімінің міндетін атқарушы М.Залмұқановтың 2020 жылғы 3 наурыздағы №42 өкімімен Тілекқабыл Қабесұлы Қожағалиев Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Залмұқанов округ активіне жаңа әкімді таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Қожағалиев Тілекқабыл Қабесұлы 1962 жылы туған.
Білімі 2 жоғары
2002 жылы Алматы коммерциялық институтын экономист мамандығы, 2011жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1979-1980 ж.ж. Орал автокөліктік кәсіпорнының курс тыңдаушысы;
1980 ж. Красногор жылқы зауытының жүргізушісі;
1980-1982 ж.ж. Ақтөбе мемлекеттік медициналық институты студенті;
1983 ж. Красногор жылқы зауытының жүргізушісі;
1983-1985 ж.ж. Орал кооперативтік техникумының студенті;
1985-1995 ж.ж. Пятимар кооперативі басқармасының тауартанушысы, басқарма төрағасы;
1996-2000 ж.ж. «Шабыт» АҚ ведомстволық күзетші, тауартанушы;
2000 ж. ҚР ІІМ алғашқы дайындық курсының тыңдаушысы;
2000-2010 ж.ж. Зеленов АІІБ учаскелік инспекторы;
2013 ж. БҚО ІІД жетекші маманы;
2013-2017 ж.ж. БҚО, Зеленов ауданы Железнов ауылдық округінің әкімі;
2017 - 2020 ж.ж. БҚО, Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі;
2020 жылғы 3 наурыздан бастап БҚО, Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.