Бәйтерек ауданы алқапты кең даласымен ғана мақтанбайды. Елімізді, әлемді мойындатқан жас спортшыларымен мақтанады.

Бәйтерек ауданы алқапты кең даласымен ғана мақтанбайды. Елімізді, әлемді мойындатқан жас спортшыларымен мақтанады.
Бәйтерек ауданы алқапты кең даласымен ғана мақтанбайды. Елімізді, әлемді мойындатқан жас спортшыларымен мақтанады. Байрақты бәсекелерде шаршы топты жарып жүрген бәйтеректік спортшылар аудан мерейін әрқашан өсіруде. Бәйтерек ауданына қарасты Асан ауылының тұрғыны Қабдолов Ислам батырымыз Болгария мемлекеті, София астанасына батуттық гимнастикадан Әлем чемпионатына аттанғалы отыр. Жас спортшымызға жолы ақ, сапары сәтті болсын дейміз. Жеңіспен оралуыңа тілектеспіз!
Құрметпен, аудан әкімі М.Тоқжанов