Бәйтерек ауданының жастары да өз таңдауын жасауда. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы университетте оқитын Ляззат Намазова дауыс беру үшін ауылы Переметныйға келіп, азаматтық парызын орындады. Аудан жастарын белсенді болуға шақырып, сайлауды шағын мерекеге айналдыру мақсатында Бәйтерек жастары өз таңдауын жасағандарға арналған суретке түсу аймағын жасақтады. Бүгінде ол жер жергілікті қыз-жігіттердің сүйікті орнына айналды.