
Елге танымал өнерлі Қалиевтер отбасы өздері тіркелген сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасады. Отағасы Зейнолла біраз жыл мемлекеттік қызметте жүрген әккі маман болса, отанасы Толқын өнер саласында өзіндік қолтаңбасы бар жан. Ұлы Нұрдәулет танымал "Жұмыр қылыш" тобының белді әншісі. Бұл жанұя "Мерейлі отбасы", "Оқырман отбасы" сынды байқауларда жүлдегер, жеңімпаз атанған. Ел болашағын ойлайтын отбасының қызы да алғаш рет дауыс бергесін, оған арнайы сый ұсынылды.