Сіздерді 15 қараша - Ұлттық валютамыздың қолданысқа енген күнімен орайлас келген Қаржыгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ерекше мереке. Осыдан тура 29 жыл бұрын, яғни 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның өз валютасы теңге айналымға енгізіліп, үлкен тарихи қадам жасалды.
Қаржы саласының қызметкерлері еліміздің әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асыру, инфляцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтау, экономикалық өсімді ынталандыру сынды міндеттерді табысты шешумен айналысып келеді. Ауданда экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар үздіксіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері артты.
Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте жаңа белестерге жете беріңіздер!