Кеше ауданымызда грем-рим күресінен КСРО спорт шебері Алексей Викторович Пономаревты еске алуға арналған ашық аудандық турнир өткізілді.
Облысымыздың аудандары мен Ақтөбе қаласының командалары қатысқан турнирде барлығы 240 қатысушы болды.
Марапаттау шарасына аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев, грек-римнан әлем чемпионы Үмбетқалиев Артур және Қазақ күресі федерациясының президенті Әсет Сұлтанұлы келіп, жас бүлдіршіндерді марапаттады.
Сондай ақ спорттық додаға жерлесіміз Азия чемпионатының күміс жүлдегері Өтепқалиев Досжан қатысып, артынан ерген бауырларына сәттілік тіледі. Аудан атынан жас спортшыға шапан жабылып, құрмет көрсетілді.