Құрметті халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!

Құрметті халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!
Құрметті халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері көмекке мұқтаж, қамқорлыққа зәру жандарға бар мейірімімен жан жылуын сыйлап жүретін мейірбан жандар. Жауапкершілігі көп қиын қызметті шынайы ынта-жігеріңізбен атқарып, қамқорлыққа алған қарияларымызға ұдайы қолдау танытып келесіздер. Менің әр кездесуімде қамқорлықтағы жандар мемлекеттің қамқорлығын Сіздер арқылы жақсы сезініп отырғандығын айтуда.
Сондықтан сіздердің жылдар бойы атқарып келе жатқан еңбектеріңіз жоғары құрметке лайық.
Мейірім шуағын төгіп, қамқорлыққа мұқтаж жандарға көрсеткен ілтипатыңыз үшін Сіздерге алғыс білдіремін. Отбастарыңызға амандық, баянды бақ-береке тілеймін.
Құрметпен, аудан әкімі М.Тоқжанов