Зеленов ауылындағы арнайы-тактикалық оқу-жаттығу

Зеленов ауылындағы арнайы-тактикалық оқу-жаттығу

Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні Бəйтерек ауданы Зеленый ауылдық округінде ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД-ті бастығының орынбасары подполковник Б.Абдикадыров және аудан әкімінің міндетін атқарушы М.Залмұқановтың төрағалығымен "Көктем-2020" республикалық командалық-штабтық арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаттары төтенше жағдайлар кезінде елді мекендерді қорғау бойынша іс-шараларды басқаруда және өткізуде басшылық құрамның практикалық дағдыларын жетілдіру және су тасқыны қаупі бар кезеңдегі төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға құрылымдардың дайындығын тексеру. Зеленов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушыарнайы – тактикалық оқу-жаттығудың жетекшісі болып басқарма штабы құрылды. Негізгі жұмыс оқу алаңында жүргізілді, яғни Деркөл өзенінің жағасында Зеленое ауылынд а жағдай зерделенді, тартылатын күштер мен құралдардың құрамы бекітілді, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып,  қатысушылардың іс-әрекеттері шартты түрде пысықталды, атап айтқанда Деркөл өзенінде су деңгейін көтеру кезінде тұрғын үйлерді су басу қаупі туындауды, су басуды болдырмау мақсатында құм салынған қаптар төселді.