Баршаңызды қайта жаңғырған ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. Кейін Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп, құжатқа сәйкес, 25 қазан-Республика күніұлттық мерекеге, ал 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні, мемлекеттік мерекеге айналды.
1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларациясы дербес мемлекеттілік жолын айқын көрсеткен құжат болды. Бұл – ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге серпіліс берген құжат. Бұл күн – егемендік тарихымыздың бастауы.
Ата-бабамыздың асыл арманы орындалып, егемен ел болдық. Тәуелсіздік – шын мәнінде басты құндылық. Егемендігіміздің қадірі мен қасиетін жете білуіміз және бұл жолда аянбай еңбек етуіміз қажет. Осы орайда ауданымыздың барлық тұрғыны ел егемендігін нығайтып, берекесін арттыруға айрықша үлес қосып жатқандығын атап өткім келеді. Еңбекке жұмылған халқымыз өңірдің азық-түлік белдеуін қалыптастыру жолында алға қойған міндеттерді толықтай орындауда. Оған Бәйтерек ауданының әр саладағы айқын жетістігі дәлел.
Айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Әр шаңыраққа ынтымақ, отбасы амандығын және құт-береке тілеймін!