Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің ескі ғимараты 1974 жылы салынған, жобалық қуаты 120 орынға арналған.
2021 жылы мектепке Б.Момышұлының есімі берілді.
2022-2023 оқу жылында 2 ауысымда 34 сынып-комплектінде 435 оқушы білім алады, оның ішінде Жаңатаң ауылынан 41 бала Газель автокөлігімен тасымалмен қамтылуда. Оқыту аралас тілде жүргізіледі, қазақ тілінде 293 оқушы, орыс тілінде 142 оқушы білім алуда.
Биылғы оқу жылында 1-сыныпқа 40 оқушы қабылданды, мектепалды даярлық тобында 45 бала тәрбиеленуде.
Мектепте 67 педагог қызмет атқарады: педагог-шебер – 1, педагог-зерттеуші - 4, педагог–сарапшы – 17, педагог – модератор – 19.
2022 жылы қолданысқа берілген жаңа мектеп ғимаратының қуаттылығы 420 орынға есептелген, жалпы құны – 1 191,07 млн.теңге, мердігер - «СКФ Отделстрой» ЖШС (бас директоры В.П.Михно)
Жаңа ғимаратта 21 оқу кабинеті бар, 15-і интерактивті тақталармен жабдықталған. Сонымен қатар, 1 смарт кабинет, 2 шеберхана, 2 информатика кабинеті, спортзал, кітапхана және 30 орындық оқу залы, 208 орындық акт залы, 72 орындық асханасы бар.
Мектеп ауласында 2 ойын, футбол, баскетбол, жүгіру және спорт алаңдары, 4 демалу орны бар.
Мектеп директоры – Бактыгалиева Аймекен Бактыгалиевна (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі). Жалпы еңбек өтілі 26 жыл, оның ішінде атқарған лауазымында 6 жыл. Санаты – педагог-зерттеуші.