
2020 жылғы 21 ақпанда «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес, аудан әкімі А.Шахаровтың 2020 жылғы 21 ақпандағы №34 өкімімен Жиенғалиев Жалғас Анатолийұлы Бәйтерек ауданы Раздолный ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев округ активіне жаңа әкімді таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Жиенғалиев Жалғас Анатолийұлы
1985 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2004-2005 ж.ж. «Оралоблгаз» АҚ Казталов ауданы мекемесінің слесарі;
2005-2006 ж.ж. «Газ» жеке кәсіпкерлігінде мастер;
2007-2009ж.ж. Облыстық қан орталығында техник;
2009-2015 ж.ж. «Анель» ЖК есепші
2013-2014 ж.ж. «Жан-Нар» ЖК есепшісі;
2015-2016 ж.ж. «Арнайы медициналық қамтамасыз ету базасында» аға есепшісі;
2017-2018 ж.ж. Зеленов ауданы әкімдігінің «Коммунальник» МКК бас есепші;
2018-2019 ж.ж. Зеленов ауданы әкімдігінің «Коммунальник» МКК директоры;
2020 ж. Бәйтерек аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры;
21.02.2020 ж Бәйтерек ауданы Раздольный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.