Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

2020 жылғы 21 ақпанда «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес, аудан әкімі А.Шахаровтың 2020 жылғы 21 ақпандағы №35 өкімімен Сейтов Мәлік Төлепұлы Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев округ активіне жаңа әкімді таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Сейтов Мәлік Төлепұлы
1976 жылы дүниеге келген.
Білімі екі жоғары.
2004 ж., Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық колледжін техник-технолог,
2007 ж., Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1993 – 1997ж.ж. Свердлов совхозында жұмысшы БҚО, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы;
2002 ж. Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетінде қауіпсіздік қызметкері;
2009-2010 ж.ж.«УральскГорДорстрой» ЖШС жабдықтаушы инженер;
2012 -2013ж.ж. БҚО Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округі әкімі
аппаратының жетекші, бас маманы;
2013-2014 ж.ж. Орал қаласы бойынша салық басқармасының акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы;
2014-2015 ж.ж. Орал қаласы бойынша кірістер басқармасының жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы;
2015-2017 ж.ж. «Халық-Казахинстрах» АҚ сақтандыру компаниясында шағын және орта бизнес сату менеджері бизнес сату менеджері;
2017-2019 ж.ж. «Охрана-КМС» ЖШС басшысының орынбасары;
2019-2020 ж.ж. БҚО Орал қаласы Желаев селолық әкімі аппаратында қаржы-экономика бөлімінің бас маманы;
21.02.2020 ж. Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.