Құрметті азаматтық қорғаныс саласының ардагерлері және сала қызметкерлері!

Құрметті азаматтық қорғаныс саласының ардагерлері және сала қызметкерлері!
Құрметті азаматтық қорғаныс саласының ардагерлері және сала қызметкерлері!
Сіздерді «19 қазан – Құтқарушылар күнімен» шын жүректен құттықтаймын!
ұтқарушы болу – өзгенің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, оны қауіптен аман алып қалу. Азаматтық қорғау саласы қызметкерлері үшін құтқару, сақтау, көмектесу, қорғау – ең басты міндет болып табылады. Осындай жауапкершілігі мол, қиын және қауіпті салада жүрген ауданның төтенше жағдай қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Қандай қиыншылыққа тап келсе де олар барлығына жігерлілік танытуда. Аудандағы төтенше жағдайға тосқауыл қойып, тұрғындар өмірін құтқаруда ерен еңбек сіңіріп жүрген әр қызметкердің жұмысы – ерлікпен пара-пар.
Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Құрметпен, Бәйтерек ауданының әкімі М.Тоқжанов