Бүгін Бәйтерек аудандық «AMANAT» партиясы филиалының алаңында «Баршаға арналған кедергісіз орта» атты мүгедектігі бар жандармен сараптамалық талқылау өтті.

Бүгін Бәйтерек аудандық «AMANAT» партиясы филиалының алаңында «Баршаға арналған кедергісіз орта» атты мүгедектігі бар жандармен сараптамалық талқылау өтті.

Бүгін Бәйтерек аудандық «AMANAT» партиясы филиалының алаңында «Баршаға арналған кедергісіз орта» атты мүгедектігі бар жандармен сараптамалық талқылау өтті. Кездесуге Бәйтерек аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Айтпаев Арман Шатоқұлы және қоғам мүшелері қатысты. «AMANAT» партиясы алаңында көптеген проблемалық мәселелер көтерілсе, атқарылған қызметтер тізімі анықталып, өзекті мәселелерде талқыланды. Кездесуге аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі Тулепқалиев Т.Қ, аудандық жұмыспен қату және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ахметжанов Б.А, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жолдасқалиев Н.Қ, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Губашева Ж. А қатысты. Кездесуді ашқан Бәйтерек аудандық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Б.Ахметжанова. Партия жобасы аясында аудандық мүгедектер қоғамымен бірлесіп өткізген шараларға тоқталып, жыл соңына дейін жоспармен таныстырды. А.Айтпаев сөз алып проблемалық мәселелерді көтеріп, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен түсініктемелерін алды. Аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлескен 2023 жылға жоспарды талқылау жүргізілді. Сонымен қатар мүгедектігі бар қатысушылар күнделікті кездесіп жүрген қиындықтар мен қоғам арасындағы кедергілер туралы айтып, толыққанды сараптамалық жауап алды.