
13 қазан күні аудан прокуратурасында БҚО прокуратурасы үкімдерінің орындалуын қадағалау жөніндегі топ басшысы облыс прокурорының аға көмекшісі Р.С. Мажитовтың төрағалығымен аудан прокуратурасымен бірселіп, ҚКО-ның, Жұмыспен қамту орталығының өкілдері, пробация қызметінің бастықтары мен инспекторларының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізілді. Кеңесте пробациялық бақылауды жүзеге асыру кезіндегі проблемалық мәселелер, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері талқыланды. Нәтижелері бойынша пробация қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар берілді